Ақтауда тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

1595
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бекзат Шакаров бастаған әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл еңбеккері Сағира Тоқаеваның шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында ардагер әжеге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірілді.

Әскери бөлімнің басшысы өз сөзінде:

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүріп отыр. Мұндай ерлікті әрдайым қадірлеп, қастерлеу – біздің парызымыз»

Өз кезегінде Сағира әже жас сарбаздарға ақ батасын беріп, еліміздің амандығы мен халықтың тыныштығын тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -