Дзюдодан республикалық турнирде ұландық спортшы күміс алды

1738
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

27 сәуірде Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған дзюдодан XXVI ашық республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ерлер арасындағы жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының атқышы қатардағы жауынгер Әділет Ахметғали лайықты өнер көрсетті. Дайындықтың жоғары деңгейін, жауынгерлік рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсете отырып, әскери спортшы турнир кезеңдерінен сенімді өтті. Тартысты күресте табандылық танытып, жүлделі екінші орынды иеленді.

- Мен осы деңгейдегі жарыстарға қатысуға және жаттығуға мүмкіндік бергені үшін қолбасшылыққа шын жүректен ризамын. Олардың қолдауы мен сенімі жеңіске үлкен серпін болды. Болашақ турнирлерде намысты қолдан бермеу үшін барымды саламын, - дейді Әділет өз сұхбатында.

Қатардағы Ахметғалидің жетістігі басқа да әскери қызметшілердің жан-жақты дамуына, дене шынықтыру мен жауынгерлік рухты нығайтуға деген ұмтылысын арттырады.

Оның жеңісі — әскери бөлім үшін ғана емес, Ұлттық ұлан үшін үлкен мақтаныш.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -