«Арыс-2025»: Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жаттығулары аяқталды

1562
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы «Арыс» полигонында «Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен он күндік жиынның қорытындысы бойынша «Арыс-2025» тактикалық оқу-жаттығу жиынының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді және әскери міндеттілер құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруге, практикалық дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ тактикалық міндеттерді орындау барысында өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталды.

Жиын бөлімшелерді дабыл бойынша ктеруден басталды. Шартты аймақта әскери міндеттілерді қабылдау ұйымдастырылды. Әскери міндеттілермен сабақтар теориялық дайындықтан басталады, содан кейін жеке құрам далалық оқытудың белсенді кезеңіне өтті. Барлық кезеңдер «теориядан практикаға» қағидасы бойынша құрылды.

Бригада командирі подполковник Талғат Мажимбековтың басшылығымен командалық құрам оқытуға әдістемелік тәсілдеме мен ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті. Әскери міндеттілер оқ атуға дайындық жаттығуларын, соның ішінде штаттық қарудан оқу және бақылау атыстарын сәтті орындады.

Үйлестіру кезеңінде жеке құрам стратегиялық мақсаттағы объектілерді күзету және қорғау жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады, сондай-ақ қалалық ортаға жақын жағдайларда шартты жаудың шабуылын тойтарыс берді.

Жиынның соңғы кезеңімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов танысты. Сапар барысында ол даладағы тұрмысты ұйымдастырумен танысып, оқу-жаттығуларға қатысушылармен әңгімелесті және олардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

– Бригада басшылығы барлық іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Осының арқасында практикалық іс-қимылдарды пысықтау кезінде әскери міндеттілер жақсы нәтижелер көрсетті, - деп атап өтті Зұлпыхар Жолдасов.

Подполковник Талғат Мәжімбековтің айтуынша, мұндай жиындар жауынгерлік дағдыларды тексеру ғана емес, сонымен қатар әрбір әскери міндеттілерге оның басты азаматтық міндеті — Отан қорғаушы болу туралы еске салу болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -