Кардиология ғылыми-зерттеу институтында Швеция профессорының қатысуымен мастер-класс өтті

1705
Фотосурет: Gov

Кардиология және ішкі аурулар ұлттық ғылыми-зерттеу институтында Каролинск институтының (Швеция, Стокгольм) жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшысы, профессор Наузад Салехтің жетекшілігімен мастер-класс өтті, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Шведтік профессордың қатысуымен 7 пациентке аорталық қақпақшаны эндоваскулярлы жолмен күрделі алмастыру операциялары сәтті жүргізілді.

Мұндай аз инвазивті операциялар жүрек-қан тамырлары аурулары ауыр формада өтетін, ашық жүрек операциясына қарсы көрсетілімі бар пациенттерге жасалады.

Пациенттердің бірі – 87 жастағы Михаил Фёдорович аорталық қақпақшаның критикалық стенозымен ауруханаға түсті. Оны жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тіпті тыныш күйде пайда болатын жүрек соғысының жиілеуі, ентігу мен бас ауруы мазалаған.

Жоғары технологиялы медицинаның арқасында Михаил Фёдорович сияқты егде жастағы пациенттер күрделі жүрек патологиясымен өмір сүруге жаңа мүмкіндік алып, операциядан кейінгі қалпына келу кезеңі де жылдам өтуде.

Профессор Салех клиниканың интервенциялық кардиологтарымен өз білімімен және тәжірибесімен бөлісіп, аорталық қақпақшаны алмастыруды қажет ететін пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -