"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен Еділ Медеу Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Еділ Медеудің қаржы секторында 16 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – ҚНА) жұмыс істеп, бағалы қағаздар нарығы департаменті директоры лауазымын қоса алғанда, басшылық қызметтер атқарды.
Соңғы төрт жылда Еділ Медеу Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасының орынбасары болып, Орталық депозитарийдің операциялық қызметіне, стратегия және бизнесті дамытуға, тәуекелдерді басқаруға, халықаралық ынтымақтастық және баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
Ол 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы, тұрақты даму саясаты, ESG стандарттарын және басқа құжаттарды енгізу жоспары сияқты Орталық депозитарийдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын әзірлеуге тікелей қатысты. Бұдан басқа, оның жауапкершілік аймағына АФР, АХҚО, Euroclear, Clearstream, Bank of New York Mellon, сондай-ақ депозитарлық қызмет шеңберінде Орталық депозитарийдің клиенттерімен қатынас дамыту кірді. Осы ұйымдармен бірлесіп және оның белсенді қатысуымен бірқатар бастамалар іске асырылды, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында қызметтің жаңа бағытын енгізу – шот операторы, Bank of New York Mellon жаһандық кастодианында АҚШ-та тікелей кастодиандық шот ашу, Орталық депозитарийдің АҚШ ішкі кірістер қызметінен білікті делдал мәртебесін алуы (Qualified Intermediary).
2023 жылғы мамырдан бастап ол Орталық депозитарийлердің дүниежүзілік форумы (World Forum of Central Securities Depositories) кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның осы қызметтегі негізгі міндеті – 2025 жылы Алматы қаласында өтетін Орталық депозитарийлердің дүниежүзілік форумын ұйымдастыру.
Оның мемлекеттік органдар мен Орталық депозитарийдегі жұмыс жылдарында жинақталған тәжірибесі мен білімі Қаржы нарығын реттеушімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, және Қазақстан қор биржасымен тығыз коммуникацияда және ынтымақтастықта Орталық депозитарийді дамытудың берілген бағытын жалғастыруға, оның ішінде Орталық депозитарийдің нарықтың инфрақұрылымдық ұйымы ретіндегі орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сонымен қоса, бағалы қағаздарды дамыту, ағымдағы сервистерді дамыту және депозитарлық және тіркеу қызметіне жаңа сервистерді енгізу, бағалы қағаздар бойынша есепке алу және есеп айырысу процестерін одан әрі автоматтандыру, сондай-ақ Орталық депозитарийдің қызметіне инновацияларды енгізу.
Оның басшылығымен Орталық депозитарийді жергілікті депозитарийден өңірлік депозитарлық хабқа трансформациялау жалғасады деп күтіледі.