Шығыстарды цифрлық қадағалау: Алматы облысында бюджеттік мониторинг енгізілуде

1540
Фотосурет: Gov

Алматы облысында арнайы дөңгелек үстел өткізіліп, онда бюджет қаражатына онлайн-мониторингті жүзеге асыру жолдары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған басқосуға облыстық прокуратураның, өңірлік білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармаларының өкілдері қатысты. Іс-шараны Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік департаменті ұйымдастырды.

Айталық, департамент басшысының орынбасары Елдос Ерғалиұлы бюджеттің орындалуын онлайн-мониторингілеу жүйесі туралы мұқият айтып берді. Бұл ретте Қаржы министрлігі әзірлеген құралдар бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі кемшіліктерді қашықтан анықтауға мүмкіндік беретінін айта кетейік.

Талқылау барысында басымдыққа ие әлеуметтік бағыттарда: білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында превентивті бақылауды енгізудің маңыздылығы айтылды. Мұндай шаралар бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың сын-қатерін азайтып, бөлінген ақшаның жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дөңгелек үстелде қозғалған тағы бір маңызды мәселе прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жөнінде болды. Мәселен, қатысушылар анықталған кемшіліктерді прокуратура органдарына жедел хабарлауға септесетін тетікті енгізуді ұсынды. Мұндай тәсіл фемида өкілдеріне қажетті шараларды шұғыл қолға алуға жол ашады. Бұдан бөлек ашықтықты арттыру үшін мұндай жағдайларды БАҚ-да жариялау мүмкіндігі пысықталды.

Прокуратура өкілдері мемлекеттік ұйымдарда күдікті төлемдерге байланысты хабарлау жүйесіне қатысу туралы бастама көтерді. Олардың айтуынша, қадағалау өкілеттігін кеңейту арқылы прокуратура ықтимал бұзушылықтарды анықтау сатысындағы бақылау процесіне қосыла алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -