Павлодарда сарбаз дебат турнирінде жеңімпаз атанып, 200 000 теңге ұтып

1485
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Қатардағы  Нұргелді Серікбосынов  Ұлттық  ұланның  5512 әскери бөлімінде  Отан алдындағы  борышын  өтейді. Павлодар қаласындағы   «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына   қарасты    әскери бөлімнің сарбазы мектеп қабырғасынан  дебат  ойындарына  белсене  қатысқан, деп хабарлайды DKnews.kz

Әскерге  Семей қаласынан шақыртылған мерзімді әскери қызметші  Ұлттық ұлан сапында жүріп те  пікір сайыс ойындарынан  қол үзбеді. Таяуда сарбаз  Әлкей Марғұлан атындағы  Павлодар педагогикалық университетінде  өткен  дебат турниріне қатысып, бірінші орынға ие болды. Қатарынан 14 мәрте ұйымдастырылған  республикалық дәрежедегі  «Aqiqat cup»  пікір сайысында    жеңімпазға  арнайы  кубокпен қатар,  200 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.   

- Бірінші орынды қанжығама байлағаныма  бек қуаныштымын.  Маған қолдау танытқан  қаруластарыма алғысым шексіз. Дебатта ұтымды пікір, ұшқыр ой білдірген біздің топ жоғары ұпай жинап, жеңіске жетті. Бір топ екі пікір сайысшыдан құралады. Сондықтан ұтқан ақшаны тең бөлдік. Мен қаражатты ата-анама жібердім.  Өйткені, әскерде жүріп те әке-шешеме қолғабыс танытқым келеді, -  дейді қатардағы жауынгер.        

Қатарынан дәстүрлі түрде  өткен 14  мәрте ұйымдастырлыған  «Aqiqat cup» турниріне еліміздің әр өңіріне барлығы  48 команда бақ сынады. Дебат турнирі биыл  Ұлы  Абайдың  180 жылдық мерейтойына арналыпты. Қатардағы жауынгер Нұргелді  Серікбосынов  өткен жылы шілде айында  Қарағанды қаласында ұйымдастырылған сөз сайысында  үшінші орынға ие болыпты. Семейлік  сарбаз  алдағы уақытта да дебаттарда топ жаруда өз мақсат санайды.   

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -