Қазақстанда АҚШ-тан есірткі контрабандасы тоқтатылды

4301
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды. "Қазпошта" АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды.

 Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -