Мамыр айында салық төлеушілер бірқатар есептіліктерді тапсырып, төлемдерді белгіленген мерзімдерде төлеуі тиіс. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелердің мерзімдерімен танысып, өсімпұл мен басқа да салдардың алдын алу үшін оларды уақытылы орындауға кеңес береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Салық есептіліктері:
2025 ж. 15 мамыр:
- 101.03 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына резиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;
- 101.04 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бейрезиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;
- 200.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 300.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;
- 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. наурыз айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
- 500.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына роялти, өндіру бонусы бойынша декларация;
- 570.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;
- 590.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
- 710.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;
- 860.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;
- 870.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;
- 880.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
- 913.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.
2025 ж. 20 мамыр:
- 328.00 нысаны – 2025 ж. сәуір айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Төлемдер:
2025 ж. 20 мамыр:
- 2025 ж. сәуір айына ЕАЭО-да ҚҚС;
- 2025 ж. сәуір айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
2025 ж. 26 мамыр:
- 2025 ж. мамыр айы үшін КТС бойынша аванстық төлемдер;
- 2025 ж. сәуірде төленген табыстан төлем көзінде ұсталған сомалар бойынша КТС және ЖТС;
- 2025 ж. сәуірде төленген табыстардан КТС және ЖТС;
- 2025 ж. сәуірдегі арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
- 2025 ж. 1-тоқсандағы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін КТС, ЖТС;
- 2025 ж. 1-тоқсан үшін ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салынатын салық, цифрлық майнинг үшін төлем;
- Жер салығы және мүлік салығы бойынша заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдері;
- Жер учаскелерін пайдалану үшін, су ресурстарын пайдалану үшін, қоршаған ортаға теріс әсері үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;
- 2025 ж. сәуір айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.
Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.