Әскери қызметшілер мен ардагерлерге медициналық қамтамасыз ету: инфрақұрылымды жақсарту шаралары

1342
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына медициналық қызмет көрсетудің мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенаторлар отырыс аясында Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық мекемесінде және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болды.

Депутаттар кездесу барысында аталған мекемелердің медициналық көмек көрсету жағдайларымен, материалдық-техникалық базасымен және кадрлық қамтамасыз етілуімен танысты.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Госпиталь басшылығы өз қызметі, мүмкіндіктері және көрсетілетін медициналық қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берді. Әсіресе стационарлық және амбулаториялық емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту, диагностикалық қызметтердің жұмысы және пациенттерді тамақтандыру жүйесі ерекше назарға алынды.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенаторлар әскери қызметшілер мен ардагерлерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейінің маңыздылығын атап өтіп, медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттігін айтты.

Депутаттар көшпелі отырыс қорытындысы бойынша әскери-медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық қолдау мен арнайы бағдарламаларды дамыту ісінде өз тараптарынан қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -