Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жоба банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.
Жоба төмендегідей ережелерді қамтиды:
- жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсаттарға берілетін қарыздарына (ДК жоқ) қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) есептеу жөніндегі талапты қолдану;
- 30 күннен артық төлем мерзімі өткен, тиімсіз қайта құрылымдау (кейін мерзімі өтіп кеткен немесе берешек сомасы төмендемеген қайта құрылымдау) кезінде 5 жылдан астам мерзімі бар кепілсіз тұтынушылық қарыз, соңғы 36 айда кешірілген қарыздарды беруге тыйым салуды енгізу;
- 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша БЖК-ның ең жоғары мәнін 0,25-ке дейін, сондай-ақ соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар үшін шектеу;
- 3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды 350% деңгейде тәуекел-саралауды қамтамасыз ету;
- Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде қарыздарға БЖК есептеу бойынша талапты алып тастау;
- нақты алынатын кіріс сомасын асыра бағалауды болғызбау мақсатында міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын ресми кірістерден алып тастау.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.