Талғарда балаларды түні бойы іздеді

1430
Фотосурет: DKnews

ТЖМ құтқарушылары тауда 2 баланы іздеп тапты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы Талғарұл қ. жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Өздігінше іздеп таба алмаған ата-аналар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты. 

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде 2020 ж.т. ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақта түн ішінде табылса, 2015 ж.т. әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан үйден шамамен 10 км жерде таңертең ерте бірақ табылды. Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды.

Балалардың ата-анасы құтқарушыларға #алғыстарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -