«Торпедо» хоккей клубының шабуылшысы Ұлттық ұлан қатарында

1705
Фотосурет: Ұлттық ұлан

«Торпедо» хоккей клубының шабуылшысы Александр Фокин Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына  қарасты 6699 әскери бөлімінің  қатардағы  жауынгері үш жасынан аяғына коньки киіп, мұз айдынында сырғанаған.

Балаң шағынан хоккей спортына машықтанған спортшы өскемендік «Торпедо» хоккей клубының жастар құрамасының белді ойыншысы. Жауынгердің спорттағы жетістіктерінен хабардар болған қаруластары ұландық  жайында жағымды пікірде.  

"Ел хоккейінің  жарқын  жұлдызымен  әскери борышымды бірге өтеу мен үшін мақтаныш. Өйткені, Александр ел намысын бірқатар байрақты бәсекеде қорғаған есімі елге мәлім жас спортшы. Ұлттық ұлан сапында да Александр үлгі тұтар сарбаз. Өйткені оның  жауынгерлік әзірлігі әрдайым жоғары деңгейде" 6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әділжан Қалиев

Спортшы Қазақстан жастар  құрамасының қатарында да жасындай жарқырап  үлгерген. 2020 жылы Ресейдің Сахалин қаласында өткен  қысқы Азия ойындарында құрамында жойқын шабуылшы Александр ойнаған  жастар құрамасы жүлделі екінші орынға ие болған. Ол талай дүбірлі додаларда ерекше голдарымен жанкүйерлер есінде қалған. Жиырма бір жастағы шабуылшы спорттық мансабында бүгінге дейін жүз отыздан астам гол соққан. Өскемен қаласындағы  түзеу мекемесін қырағылықпен күзететін жауынгер Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын мінсіз атқарып келеді.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -