СҚО Қызылжар ауданының Долматово ауылын ТЖМ құтқарушылары тасқын судан қорғап қалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға құтқарушылар, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 172 адам және 22 бірлік инженерлік техника тартылды.
Жұмыс басталғаннан бері инертті материал салынған 29 000 қапшық төселіп, ұзындығы 3900 метр болатын бөгет салынды.
Жұмыстар ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың үйлестіруімен жүргізілуде.