Қазақстан шекарашылары 4 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтады

1914
Фотосурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы сәуірде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтудің 1 400-ден астам әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде:

  • Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.
  • Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
  • Якорь37 факті – есірткі заттары;
  • Якорь92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  • 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
  • 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  • 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді.  

Заңсыз балық аулар құралдары алынды:

  • 41 дана – жүзу құралдары;
  • 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -