Ақтауда 16 мыңға жуық көлік иесі темір тұлпарынан айырылуы мүмкін

5929
Фотосурет: Gov

Ақтау қаласында жалпы қарыз сомасы 907 миллион теңгеден асатын көлік салығының 16 мыңға жуық борышкері бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ақтау қаласы прокуратурасы мен жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен автокөлік құралдарына салық берешегін өндіріп алу мақсатында алдағы рейдтік іс-шаралар бойынша жедел кеңес өтті. 

Рейдтер төлеушілерге олардың міндеттерін еске салу үшін өткізіледі. Бүгінгі күнге тек Ақтау қаласында қарыздың жалпы сомасы 907 миллион теңгеден асатын осындай 16 мыңға жуық азамат бар. Сонымен қатар, көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды.

Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сағдуллин атап өткендей, 1 сәуірден кейін барлық салық төлеушілерге хабарлама жіберілді. Олардың орындалу мерзімі - бір ай. Қарызды өтемегендерге салық бұйрықтары рәсімделді. Бұл бұйрықтар автоматты түрде Сот орындаушылар палатасына жіберіледі, онда берешекті өндіріп алу бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, рейдтердің мақсаты жеке сот орындаушылары шығарған қаулылар негізінде салық төлеуден жалтарған адамдардың көлік құралдарын қамауға алу болып табылады.

Берешегі бар тұлғалардың банктік шоттарын жеке сот орындаушылары бұғаттайды. Егер көлік айыппұл тұрағында болса және салық төленбесе, автомобильдер қарызды өтеу үшін аукцион арқылы сатылады. Рейдтік іс-шаралар апта сайын өткізіледі.

Маңғыстау облысы бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -