Демалыс маусымының басталуымен есте ұстаған жөн: салық берешегінің болуы шетелге шығуға шектеу қоюы мүмкін.
Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде еске салды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, елорда тұрғындарының салықтық берешектің жалпы сомасы 3 млрд 581 млн теңгеден асты. Бұл соманың негізгі бөлігі —3 млрд. 289 млн. теңге — көлік салығына келеді және мүлік салығының берешегі 292 млн. теңгені құрайды. Берешегі бар салық төлеушілердің саны 78 мыңнан асады.
Салық берешегінің бар-жоғын келесі қызметтердің көмегімен тексеруге болады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты — kgd.gov.kz;
- электрондық үкімет порталы — egov.kz;
- eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы.
Шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексеру aisoip.adilet.gov.kz сайтында қолжетміді.
Салықтарыңызды уақтылы төлеңіз — және демалысыңыздан еш алаңсыз рахат алыңыз!