Сырдария арқылы Қазақстанға 3,7 млрд текше метр су жеткізіледі

2387
Фотосурет: Gov

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2000 шақырым каналды тазартып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суару маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр.

Бұл жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды.

Каналдарды тазарту олардың су өткізу мүмкіндігін жақсартып, диқандарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қажет. Биыл «Қазсушар» филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасасуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда 11 700 шарт жасалды. Былтыр шаруа қожалықтарымен 23 830 шарт жасалғанын еске сала кетейік.

«Былтыр министрлік Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандарды суармалы сумен толық қамтамасыз етті. Биыл да ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 2025 жылғы суару маусымында Сырдария өзені арқылы елімізге 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -