«Ойыл-Несие» микрокаржылық қызмет лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 25 сәуірдағы бұйрығына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан мына ұйым айырылды:
1) «Ойыл-Несие» Несие серіктестігі» ЖШС, БСН 060940002950 (№ 2 бұйрық)
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Несие серіктестігі» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге, не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар микроқаржылық ұйымның (Несие серіктестігі) клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) алдындағы міндеттемелерін орындауға міндетті және сол үшін жауапты.