Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «Kaspi.kz» АҚ (-8,6%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-6,9%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының төмендеуі есебінен 2025 жылғы наурызда 0,8%-ға немесе 264,2 млрд теңгеге төмендеп, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 31,8 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 3,4%-ға төмендеді).
2025 жылғы наурызда KASE индексі 0,7%-ға 5 658,74 тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 1,4%-ға өсті), деп хабарлайды DKnews.kz.
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Kaspi.kz» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 25,1%-ға немесе 6,5 млрд теңгеге азайып, биыл наурыз айында 19,4 млрд теңгені құрады.
2025жылғы1сәуірдегі жағдайбойынша«Қазақстанқорбиржасы»АҚ(бұдан әрі –KASE)саудатізімдерінде81 қазақстандық эмитенттің 96 атауының акциялары болды.
«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 58 шетелдік эмитенттің 17 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі негізінен ProShares Trust, NVIDIA Corp., Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемін азайту есебінен бір айда 15,9%-ға немесе азайып, 2025 жылғы наурызда 5,3 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы наурызда 0,4%-ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 0,2%-ға).
KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы наурызда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 33,0% 77,7 млрд теңгеге дейін азаюы есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 29,8%-ға немесе 59,5 млрд теңгеге 140,5 млрд теңгеге дейін азайды.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 129 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 530 шығарылымы болды (01.01.2025ж. – 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы).
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы наурызда 2,4%-ға немесе 0,7 трлн теңгеге 28,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 5,8%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге өсті). KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 42,3%-ға ұлғайып, 2025 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 954,5 млрд теңгені құрады.
2025 жылғы наурызда МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 19,4%-ға 614,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Барлық көлем ҚР Қаржы министрлігінің орналастыруына, өтеуге кірістілігі 14,10-15,60% болатын облигациялардың 12 шығарылымын орналастыруға тиесілі.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер 2025 жылғы наурызда негізінен жекелеген инвестициялық қорлардың шетел валютасын теріс қайта бағалау есебінен 3,4%-ға немесе 11,7 млрд теңгеге азайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 359,5 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 2,2%-ға өсті). 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 305,4 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 84,9%-ын құрады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2025 жылғы наурызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,8%-ға ұлғайып, 3 970,5 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 689,0 мың қосалқы шотқа дейін 1,1 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 3,6 мыңға немесе 0,5%-ға өсу);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 281,5 мың шотқа дейін 107,8 мыңға немесе 3,4%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 466,1 мыңға немесе 16,6%-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы наурызда 15,4%-ға немесе 98,7 млрд теңгеге азайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 542,1 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 29,5%-ға азайды). Активтердің төмендеуі «First Heartland Securities» АҚ-ның ерікті өтініші бойынша лицензиясының қолданылуының тоқтатылуына байланысты.
Міндеттемелер алынған қарыздар бойынша міндеттемелердің туындауына байланысты 1,4%-ға немесе 1,6 млрд теңгеге 116,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 51,8%-ға азайды).
Нарықтың бір қатысушысы лицензиясының қолданылуының тоқтатылуына байланысты меншікті капитал 19,1%-ға немесе 100,3 млрд теңгеге 425,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.