Екі алтын медаль: Шахтинскіден шыққан қарындастар Азия чемпионатында бокстан жеңіске жетті

2805
Фотосурет: Gov

Шахтинск қаласында тұратын әпкелі-сіңлілі Аяулым мен Камилла Оспановалар Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынына екі алтын медаль әкелді, деп хабарлайды DKnews.kz.

18 елдің жасөспірімдері арасында халықаралық біріншілік Амманда (Иордания) өтті. Оған 15–17 жас аралығындағы 400 спортшы қатысты.

Аяулым 13 жаста, ол 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алса, 

Камила 16 жаста, 70 кг дейінгі салмақта бірінші орын алды.

Қыздар чемпионатқа көптен бері мұқият дайындалып келеді. Олардың әкесі мен жаттықтырушысы Жеңіс Оспановтың айтуынша, жарысқа олар дайын болды.

– Қарсыластарымыз өте күшті, жекпе-жектер – қызу болды. Ең мықты спортшылар Үндістан, Өзбекстан және Украина спортшылары болды. Бірақ біз осылай болатынын білдік, Камилла мен Аяулымның кіммен күресетінін білдік. Жеңіске сенімді болдық деуге болады, – дейді Жеңіс Оспанов.

Екі бойжеткен де әкесі мен атақты қазақстандық спортшыларға қарап, бокспен әуестене бастаған. Аяулымға Фируза Шәріпова ең үлкен әсер қалдырған екен, оның жекпе-жегін бойжеткен 2017 жылы теледидардан көрген.

– Ол «Экспо-2017» көрмесіндегі ұрыс болды. Сонда Аяулым: «Мен де осындай болғым келеді», – деді. Содан бері 7 жастан бастап ол жаттығады. Үлкен қызым Камилла боксқа сәл кешірек, 12 жасында келді. Әрине, қыздарды жаттықтыруда қиындықтар бар. Әдетте, жаттықтырушы ұрысса, балалар оған көп мән бермейді. Ал мұнда мен әкелері болғандықтан, олар ренжиді. Бірақ бізде ереже: мен үйде әкемін, ал сабақта - жаттықтырушымын. Әрине, оның да артықшылығы бар: менің қыздарым әрдайым бақылауда, әрдайым жанымда, – деп бөлісті Жеңіс Оспанов.

Қазір қыздарға тынығу керек. Содан кейін олар Бахрейндегі Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Азия чемпионатында өнер көрсету жалпы Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Жалпыұлттық есепте біздің спортшылар 44 жүлде ұтып алып, бірінші орынды иеленді, оның ішінде 16 алтын, 15 күміс және 13 қола. Өзбекстан 42 марапатпен екінші орында, Үндістан көшбасшы үштікті 43 медальмен қорытындылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -