Астанада әскери ән және саптық өнер байқауы аяқталды: жеңімпаздар мен марапаттар

2618
Фотосурет: Gov

Елордада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері арасында «Сапта сымбатты – ұрыста айбатты» атты сап және ән байқауының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Білім басқармасы мен «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған шара «Батырлар» әскери-патриоттық тәрбие орталығының базасында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Байқау оқушылар арасында әскери қызметті насихаттау және әскери қызметке дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Оған 24 команда қатысты.

«Бүгінгі іс-шараға әр ауданнан үш командадан қатысты. Барлығы 384 оқушы мен студент қамтылды. Сап және ән байқауының бағдарламасы бойынша әр команда төраға басшысымен әскери тәртіппен сәлемдесіп, сапқа тұру тәсілдерін көрсетті. Осыдан кейін қозғалыста әскери-патриоттық ән орындады», - деді «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні әдіскері Серікжан Күлбаев.

Төрешілер шешімі бойынша үздік командалар анықталды.

Атап айтқанда, 1-орынды Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей командасы иеленді. Ал 2-орын Астана IT university колледжіне, 3-орын Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия командасына бұйырды.

Жеңімпаздарға кубок пен медаль табысталды. Ал өзге командалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -