«Заң және Тәртіп» Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов пен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов өңірдің орта-арнаулы білім беру ұйымдарының студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық пен мәдениет деңгейін арттыру мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Студенттерге есірткіні қолданудың зияны және «жасырып қоюшылардың» болашақ тағдыры туралы ақпараттық бейнероликтер көрсетілді, құқық бұзушылықтар (буллинг) деңгейін төмендету мақсатында жасанды интеллект жүйелерін қолданумен «Балалық шақтың сандық күзетшісі» жобасын іске асыру туралы ақпарат жеткізілді.
Кездесу барысында прокурор оқушыларды заңды сақтауға шақырды, сондай-ақ қылмыстың жекелеген түрлерін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді.