Қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында облыс прокуратурасы құқық бұзушылық жасауға бейім балаларды анықтауға бағытталған «QR-сауалнама» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жоба аясында 15 мыңнан астам жоғарғы сынып оқушылары сауалнамаға қатысты. Оның нәтижелері жеке профилактикалық жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар тобын анықтауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде облыс прокуратурасы Әкімдікпен, Полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен бірлесіп, кәсіби психологтардың қатысуымен «Заң және балалар: қателіксіз болашақ» ұранымен іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған оқушылар облыс орталығындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің біріне барды.
Қатысушыларға сотталғандардың ұсталатын жағдайлары көрсетіліп, жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесу ұйымдастырылды. Олар өздерінің өмірлік оқиғаларымен бөлісіп, дұрыс жолды дер кезінде таңдаудың маңыздылығын атап өтті.