2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында дзюдо жарыстары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Генерал-майор Рафик Хайдаровты еске алуға арналған турнирді «Динамо» Дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастырды. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда және 150-ден астам спортшы қатысты.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрама командасы тағы да өздерінің жоғары деңгейдегі физикалық және жауынгерлік даярлығын дәлелдеп, тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Салмақ дәрежелері бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер:
- 66 кг дейін — 2-орын: қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нұрсейітов (6654 әскери бөлімі);
- 74 кг дейін — 3-орын: қатардағы жауынгер Ерсұлтан Дүйсенхан (5573 әскери бөлімі);
- 81 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы (5573 әскери бөлімі);
- 90 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Мәди Амангелді (5573 әскери бөлімі);
- 90 кг-нан жоғары — 1-орын: қатардағы жауынгер Санжар Джабборов (5573 әскери бөлімі).
Сонымен қатар, «Үздік техника» жеке номинациясына қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы лайық деп танылды.
Жалпыкомандалық есеп қорытындысы:
- 1 орын — ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы;
- 2 орын — Абай облысы Полиция департаменті;
- 3 орын — Ақтөбе облысы Полиция департаменті.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы бұл жарыста рухтың мықтылығын, ерлікті және жеңіске деген жігерді паш етіп, көпшілікке үлгі бола білді.