Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бастау алған «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Еділхан Аймағамбетов тыл ардагері Аққағаз Айтмағанбетқызының үйіне арнайы барып, ардагер анаға құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында полковник Еділхан Аймағамбетов елге еңбегі сіңген ардагерге естелік сыйлықтар табыстап, Ұлы Жеңістің бағасын арттырып, бүгінгі бейбіт өмірге негіз болған жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ ол Аққағаз Айтмағанбетқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық-саулық тіледі. Айта кетейік, аталмыш акция аясында өңірдегі тыл және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ерен еңбегі жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталуда.