Футбол, волейбол және баскетбол: Қазақстандағы ең танымал спорт түрлері

1672
Фотосурет: Depositphotos

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.

Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:

  • Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
  • Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
  • Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
  • Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
  • Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
  • Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
  • Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
  • Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
  • Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)

Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -