Кеншілердің қауіпсіздігін: прокуратура «Мирный» және «Болашақ» шахталарын тексерді

1166
Фотосурет: © Sputnik / Максим Маслов

Мемлекет басшысы жариялаған Еңбек мамандықтары жылы қарсаңында және «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуроры Марат Әбішев жұмыс сапарымен «ТНК Казхром» АҚ ДГОК құрамындағы «Мирный» және «Болашақ» тау-кен өндірісі нысандары шахталарына барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Марат Әбішев «Мирный» және «Болашақ» шахталарында болып, кеншілердің еңбек жағдайымен, нысандардың техникалық жай-күйімен және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

ДГОК әкімшілігімен өткен кездесуде еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарының сақталуы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылықтарға жол бермеу маңыздылығын атап өтті.

«Әрбір қызметкер, әсіресе тау-кен өндірісі сияқты күрделі әрі қауіп-қатері жоғары салада жұмыс істейтіндер, өз қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс. Прокуратура өзге уәкілетті органдармен бірлесіп, еңбеккерлердің құқықтарының сақталуын қатаң бақылайтын болады», – деп атап өтті Марат Әбішев.

Сапар аясында облыс прокуроры аудан прокуратурасы ұжымымен жұмыс кеңесін өткізіп, заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -