Қазақстандық INK Architects Дубайдағы ең ірі тұрғын үй кешенін жобалаған

1298
Фотосурет: INK Architects

Қазақстандық INK Architects компаниясының сәулетшілер тобы ел тарихында алғаш рет Дубайда ауқымды көпқабатты тұрғын үй кешенін жобалауға қатысты. Azizi Milan жобасы аясында мамандар биіктігі 48 және 25 қабатты, жалпы көлемі 70 000 шаршы метрден асатын екі мұнараның жобасын әзірледі.Кешен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі тұрғын үй жобаларының бірі болмақ, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бас жоспардың таныстырылуы Дубайда өтіп, оған 10 мыңнан астам қонақ келді.

«Жобаның бірегейлігі – сәулет бөлігінде біздің елдің командасы маңызды рөлге ие болған, қазақстандық сәулет тарихындағы Әмірліктерде салынған алғашқы 48 қабатты зәулім ғимарат. Тіпті Қазақстанның өзінде де қазақстандық фирмалар жобалаған мұндай көлемдегі зәулім үйлер жоқ. Жобаның сәулеттік бөлігін барлық халықаралық стандарттарға сәйкес INK Architects және ағылшын тілінде, құрылыс салушының талаптары мен техникалық тапсырамаларына сәйкес BIM көмегімен әзірледі»  INK Architects негізін қалаушы және бас сәулетшісі Нұрлан Қамитов 

25-қабатты мұнараны жобалаудағы  негізгі сыни мәселелердің бірі -  тығыз қалалық ортада шектеулі алаңда автотұрақ жүйесін шешу болды. Сәулетшілер атиптік және техникалық тұрғыдан күрделі шешімді қолданды: барлық автотұрақ, автомобильдер жол бойына көлбеу орналастырылатын, үздіксіз пандус түрінде ұйымдастырылған. Бұл кеңістікті пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді — бір автотұрақ орнына 39 шаршы метр, оған жүру жолдары мен құрылымдық элементтердің үлесі де кіреді.

Екі мұнараның сәулеттік тұжырымдамасы мен жұмыс құжаттамасын әзірлеуге бес айға жуық уақыт кетті. Барлық архитектуралық шешімдерді INC Architects тобы орындады.

Нұрлан Камитов негізін қалаған INK Architects Қазақстандағы толық сервистік қызмет көрсететін жетекші сәулет фирмаларының бірі болып табылады. Оның басшылығымен 20 жыл бойы жұмыс істегенде әртүрлі мақсаттағы 10 миллион шаршы метрден астам нысандар: тұрғын үй және көпфункционалды кешендер, қонақ үйлер, мәдени мекемелер, қоғамдық және сауда алаңдары іске асырылды. Бюро портфолиосында 600-ден астам жоба бар. Кәсіпорында 100 маман жұмыс істейді.

INK Architects компаниясының көрнекті жобаларының қатарында бес жұлдызды Hilton Expo Astana қонақ үйі, Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика орталығы, сондай-ақ Қазақстанда және одан тыс жерлерде ондаған ауқымды жобалар бар.

Нұрлан Қамитов – Британдық сәулетшілер Корольдік институтының (RIBA), Америка сәулетшілер институтының (AIA) құрметті мүшесі, Мәскеудегі Халықаралық сәулет академиясының профессоры және корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталып, «Жыл кәсіпкері – 2023» ұлттық байқауының «Қазақстанда жасалған» номинациясының жеңімпазы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -