Ұландық сарбаздар Астана қаласының ардагерлерін құттықтады

1342
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің сарбаздары “Ұлы Жеңістің 80 жылдығына” орай соғыс және тыл ардагерлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұландықтар қан майданнан өктен Анатолий Александрович пен Екатерина Сергеевнаның үйіне бас сұғып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Сарбаздар ардагерлердің алдында саптық жүріспен өтіп, патриоттық әндер орындады. Ардагерлерге айрықша құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан арнайы мерекелік медальдар табысталды.

Кездесу барысында ардагерлер жүрекжарды лебізін білдіріп, Ұлттық ұлан сарбаздарына ақ батасын берді.

— Бүгінгі бейбіт күніміз – кешегі жанқиярлықпен келген жеңістің жемісі. Біз көрген сұрапыл соғысты тілмен айтып жеткізу қиын. Бірақ ең бастысы – халықтың бірлігі мен қайсар рухы бізге жеңіс әкелді. Сол рух сендерде де бар екенін көріп қуанып отырмын, – деді тебірене сөйлеген соғыс ардагері Анатолий Александрович

Тыл еңбеккері Екатерина Сергеевна да сарбаздардың сап түзеп, әнмен келіп құттықтағанына ризашылығын білдірді.

— Соғыста оқ пен оттың ортасында жүрген ерлердің артында біз – тылдағы еңбек адамдары тұрдық. Бір үзім нанды бөлісіп жеген, жанын шүберекке түйген заман еді. Қазір бәрі басқа, бірақ тарих ұмытылмауы керек. Бүгінгі ұрпақ бізді ұмытпай, төрімізден орын бергеніне шексіз алғыс айтамын, – деді ол.

Бұл шара – ардагерлерге деген тағзым ғана емес, жас буынға үлгі-өнеге. Ерлік пен елдік сабақтастығын жалғаған бұл кездесудің сарбаздар жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -