Қазақстан колледждерінде жаңа қаржыландыру нормативімен не өзгереді?

2651
Фотосурет: Gov

ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңгені құрап келді, енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.

Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.

Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -