Қауіпсіз саяхат үшін сенімді туристік агенттікті және туроператорды қалай таңдау керек?

2530
Фотосурет: depositphotos.com

Еліміздегі мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес, «Е-лицензиялау» порталында 11 914 турагент пен 634 туроператор тіркелген, деп хабарлайды DKnews.kz.
 
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған. 

Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы.

Тұтынушыларды қорғаудың негізгі құралының бірі – туристік код (ТурКод). ТурКод – тур рәсімделгеннен кейін автоматты түрде берілетін бірегей нөмір. Ол турлардың электронды тізілімінде тіркеледі және туристің ресми жүйеге қатысуын растайды.

ТурКод туроператор өз міндеттемелерін орындамаған немесе орындай алмаған жағдайда қаражатты қайтаруды көздейтін кепілдік жүйесіне енеді.

Бұл шаралар туристік саладағы ашықтықты арттыруға, тұтынушылардың құқығын қорғауға және отандық туристік компанияларға деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Лицензияланған туроператорлар мен тіркелген турагенттердің өзекті тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -