Астанада Отан қорғаушысы күні мен Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде: мерекелік шаралар басталды.

2860
Фотосурет: Gov

Бүгін сағат 11:00-де Астананың үш ірі алаңында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған әскери шерудің тікелей көрсетілімі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Трансляция қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда, «Астана Арена» стадионының аумағында және «Astana Music Hall» жанындағы тұрақта (Б. Момышұлы даңғылы, 1) орнатылған үлкен LED-экран арқылы көрсетіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары шеруді бірге көру үшін осы орындарға жиналады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сонымен қатар, іс-шараны республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді.

Мерекелік бағдарлама 12:00-де басталып, қалалық алаңда және «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-ге дейін өтетін ауқымды концерттермен жалғасады. Көрермендер алдында танымал эстрада жұлдыздары: «МузАрт», DiArt, «Джентельмены», «Алатау серілері», «Астана», Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрлыбек Жуликенов (Askeri Anshi), Айзат Қарабекова, Ардақ Балажанова, Құрал Молжанов, Дос, Қайыркелді, Берік Ержанов, Гүлсім Мырзабекова және Асхат Әмірғалиев және т.б. өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 100-ге жуық іс-шара жоспарланып отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және т.б. өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -