Түркістанда Отан қорғаушысы күні аталып өтті

3014
Фотосурет: Gov

Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні аталып өтті. ҚР ІІМ «Ұлттық ұланының» №5574 әскери бөлімінде өткен патриоттық іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қатысып, сардарлар мен сарбаздарды, ер-азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерекелік іс-шарада әскери сала өкілдеріне марапаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.

Рухты оятып, отаншылдықты дәріптеген мерекеде «Ұлттық ұлан» бөлімінің сарбаздары сап түзеді. Сонымен бірге көпшілікке әскери техникалар көрмесі ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.

Айта кетейік, былтыр Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскерге аттанды. Биыл да осы көлемде сарбаздар Қарулы күштер қатарын толықтырады деп күтіліп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -