Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды DKnews.kz.
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда.
Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз.