Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері көрнекті опера әншісі Бибігүл Төлегенованы құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери қызметшілер әншіге гүл шоқтары мен аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты.
Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Арман Тұрғанбаев әншіге алғысын білдірді.
Сіз таңғажайып ерік-жігер мен өміршеңдіктің жарқын мысалысыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейміз Арман Тұрғанбаев
Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілерге алғыс айтып, келе жатқан мамыр мерекелері – Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнімен құттықтады.
Жеңіс күніне арналған көптеген құттықтауларға қосылған Бибігүл Ахметқызы қазақстандықтарға ашық аспан, амандық және мерекелік көңіл-күй тіледі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін бүгінгі әлемде өмір сүріп жатқан ардагерлер мен олардың отбасыларына құрмет пен ыстық ықыласымды білдемін. Қазақстан халқы соғыс деген сөзді ешқашан білмесін Деп тілек тіледі ардагер әнші