Алматыда әскери қызметшілер қарт майдангерді 102 жасқа толған туған күнімен құттықтады

2167
Фотосурет: Gov

9 мамыр – Жеңіс күні Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Андреевна Савенко 102 жасқа толды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дәстүр бойынша майдангерді туған күнімен құттықтауға Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері мен курсанттары, Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері, "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалы төрағасының орынбасары запастағы полковник Төлеген Мұстафин келді. Қонақтар Ольга Андреевнаға естелік сыйлықтар табыс етіп, Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізді.

 Ардагерлермен қарым-қатынас Алматы гарнизонының әскери қызметшілері үшін жақсы дәстүрге айналған. Қонақтар ардагерге зор денсаулық, ұзақ өмір, ашық аспан тіледі.

Ольга Андреевнаны туған күнімен және Жеңіс күнімен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Оның өмір жолы жас ұрпаққа үлгі етерлік ерліктің үлгісі. Біз курсанттарымызды болашақ офицерлер ретінде ғана емес,  бейбітшілік сыйлаған майдангерлерді құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелейміз Әскери-инженерлік институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Медгат Мадрахимов

Ольга Андреевна 1923 жылы Алматыда дүниеге келген. 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Оның жауынгерлік жолы 1-ші Беларусь майданы құрамындағы 109-шы жеке байланыс полкінде өтті. Қарулас достарымен бірге Жеңісті Берлинде қарсы алды.

Соғыстан кейін Ольга Андреевна өз өмірін бейбіт еңбекке арнап, жарты ғасырдан астам уақыт Алматы телеграфында жұмыс істеді. Екі қыз тәрбиелеп өсірді. Жасына қарамастан, ол әлі де сергек көрінеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -