Көктемгі тасқындар Қарағанды облысындағы бес су қоймасының толуына себеп болды

891
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысында көктемгі су тасқыны нәтижесінде бес негізгі су қоймасы: Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары 100% толды. Самарқанд су қоймасы 87%-ға толтырылды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өңірдің су қоймалары 328 млн текше метр су жинады. Қазіргі уақытта «ҚазСуШар» Қарағанды филиалы суару кезеңіне дайындалуда. Су беруге өтінімдер жинау және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен шарттар жасасу жүргізілуде. Каналдарды тазалау, суды есептеу аспаптарын орнату және гидробекеттерді тексеру жүргізіледі.

– Қарағанды филиалы нысандарындағы көктемгі су тасқыны штаттық режимде өтті. Су тасқыны кезеңі келеңсіздіктерсіз өтті, бұл алдын ала жүргізілген дайындық шараларының нәтижесі, – деп атап өтті «ҚазСуШар» РМК Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы Мүслім Аққожин.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -