Мамбетов театры Бауыржан Момышұлы туралы қойылымды ұсынды

1364
Фотосурет: Gov

Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Деректі драма Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасын, жауынгерлік рухын, әділет пен адамгершілікке деген биік мұратын сахналық тілмен бейнеленген, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Бұл қойылымның басты идеясы - Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы туралы көрермендерге айтып, мақтан тұту. Біз айтып жүрген соғыс пен олар көрген соғыс тым бөлек. Қойылым барысында батырдың соғыс кезінде бастан кешкен оқиғалары көрсетіледі. Бұл қойылымға театрымыздың барлық актер мен актрисалары қатысады. Бауыржан рөлін екі образда ойластырдық. Алдымен жас жігіт кезін бейнелеп, одан кейін қарт Бауыржанды көрсеттік. Ол өткен өміріне, соғыстағы кездеріне өзінің көзқарасын сипаттайды» Деді қойылым режиссері Жұлдызбек Жұманбай

Жұлдызбек Жұманбай бұл туынды шоқтығы биік қойылым болатынына сенім білдірді.

«Қойылымның басқа қойылымдардан ерекшелігі - тарих. Сондықтан да бұл драма шоқтығы биік қойылым болады деп ойлаймыз.  Жалпы Бауыржан бейнесін алып шығу оңай емес. Себебі батырдың мінезін жеткізе білу қажет. Театр сахнасында осындай кейіпкерлерді шығару өте қызық.  Менің ойымша, мұндай туындылар сахнада жиі қойылуы керек. Ол туралы бүгінгі өсіп келе жатқан жастар білу керек деп ойлаймын» Жұлдызбек Жұманбай

Тарихи туындыда Мәскеу түбіндегі шайқастар, Волоколамск тас жолындағы батырлық сәттер, Панфилов дивизиясының «Гвардия» атағына ие болуы сияқты тарихи оқиғалар көрініс береді.

Сонымен қатар қойылым барысында Бауыржан Момышұлының ұстазы, апасы мен өзбек солдатымен бірге әңгімесінен үзінді көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -