Бүгінгі Аналар күні мерекесіне орай Атырау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қызмет етіп жатқан сарбаздар аналарын ерекше ықыласпен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Олардың қатарында қатардағы жауынгер Әділ Ниғметулла да бар. Болат бұл күні өз анасына шексіз алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
"Анам – менің өмірдегі ең басты тірегім. Әрбір жетістігімнің артында оның ақ тілегі мен маған деген сенімі жатыр. Қызмет барысында рухани күш беретін де — анамның үміті мен батасы. Осы мерекеде барлық аналарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Аналардың әрдайым жүзі жарқын, жүрегі тыныш болсын" Сарбаз
Мерекеге орай әскери бөлімде сарбаздарға телефон арқылы аналарына хабарласып құттықтау айтуға мүмкіндік берілді. Жауынгерлер бұл сәтте аналарымен сөйлесіп, жылы тілектерін жеткізіп, алғыстарын білдірді.