Биыл «ИТП» АЭА-да 450 жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылы Алматыда 450 жұмыс орнын ашатын 7 жобаны жүзеге қосу жоспарланған. Олардың қатарында – «Kaspi Cloud», «МедПроФарм», «Juldyz Kenan Ltd.», «А-Медикал» және т.б. бар. Бұл туралы Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта «ИТП» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) аумағында 12 жоба құрылысы жүріп жатыр, оның 8-і медицина және фармацевтика саласында.
2024 жылы бұл аумақта 6 760 жұмыс орны құрылып, 218,1 млрд теңгеге өнім өндірілді. Сонымен қатар, малайзиялық «OISB Kazakhstan» және «Smart Alatau» сынды екі зауыт ашылды.
«ИТП» АЭА Алматы қаласының Алатау шағын ауданында орналасқан және 163 гектар аумақты алып жатыр. Басым бағыттар – IT, байланыс, электроника, «жасыл» технологиялар, аспап жасау, фармацевтика және медициналық техника.
Қазіргі уақытта бұл аймақта 182 компания жұмыс істеп жатыр, жалпы 6 971 жұмыс орны құрылған.