Ұландықтар абзал жандарға алғыс айтты

1199
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Халықаралық медбикелер күніне орай медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазіргі таңда өңірлік қолбасшылықта жүзге жуық медицина маманы — дәрігерлер, фельдшерлер мен медбикелер қызмет етеді. Олар күнделікті әскери қызметтің тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқарып келеді. Әскери қызметшілердің денсаулығына оқу-жаттығу кезінде де, іссапар жағдайында да көмек беріп, әрдайым жанынан табылады.

Салтанатты шара барысында бөлім басшылығы ақ халатты қызметкерлерге алғыс айтып, олардың еңбегін жоғары бағалады. Әсіресе, мейірбикелердің мейірімділігі мен атқаратын еңбектері ерекше атап өтілді.

– Біздің медициналық қызметтің ең басты міндеті – сарбаздардың денсаулығын қадағалап, уақытылы көмек көрсету. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімізге алғысымыз шексіз, – деді бөлім басшылығы.

Шара соңында бірқатар медицина қызметкерлері марапатталып, оларға денсаулық, отбасылық бақ-береке және еңбекте толағай табыс тілегі айтылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -