БЖЗҚ, Ұлттық қор және халықаралық резервтер: Ұлттық банк Мемлекет басшысына есеп берді

1265
Фотосурет: Аkorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -