Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонында әскерге шақырылушылардың туыстарымен өткен кездесуге жүзден астам адам келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бөлім басшылығы матростардың күнделікті өмірі, теңіз бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.
Қонақтар әскери бөлімнің казармасын аралап көрді. Асханаға барып, тамақтану рационымен танысты. Әскери техника мен қару-жарақ көрмесінде сарбаздарды оқытуда және күнделікті қызметте қолданылатын үлгілерді көрді.
Менің ұлым Әскери-теңіз күштерінде бір айдан астам уақыт қызмет етті. Оның элиталық әскери бөлімге келгеніне өте қуаныштымын. Сарбаздардың жатын орны жаңа. Бәрі тап-тұйнақтай таза екен. Біз оқу процесінің, тұрмыстық және тамақтану жағдайларының қалай ұйымдастырылғанын өз көзімізбен көрдік. Матростардың дастарханынан да дәм таттық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын Ақтөбе облысынан келген Анар Смайылова
Айта кету керек, өткен жексенбіде матростар ант қабылдады. Енді олар Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде – теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуылдау батальонында, коменданттық ротада және әртекті кемелер дивизионында қызмет етеді.