Еңбек инспекторлары қазақстандықтарға 355 миллион теңгеден астам жалақы қарызын өндіріп берді

1397
Фотосурет: freepik.com

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 283 ұйғарым берілді және 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,3 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 355,3 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 891 тексеру жүргізді, оның барысында 2 338 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1 920; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 401; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -