Газ нарығындағы сөз байласу фактілері анықталды

1177
Фотосурет: flagma.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облыс прокуратурасы сұйытылған мұнай газ нарығындағы заңдылықтық жай-күйіне тексеру жүргізіп, нәтижесімен сұйытылған мұнай газының бағасын бір мезгілде көтеру түрінде бәсекелестікке қарсы келісім деректері анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Прокурорлық ден қою нәтижесі бойынша 54 автогазқұю станцияларының иесіне, сондай-ақ газ өңдеу зауытына 60 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, монополиялық табыс тәркіленді.

Бұдан басқа, арнайы бағдарламалардың көмегімен электрондық сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған мұнай газы нарығындағы субъектілердің сөзбайласуы анықталды.

Бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Прокуратура сұйытылған мұнай газы нарығындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -