Қазақстан геология мен тау-кен өнеркәсібіне инвестициялар тартуда

1804
Фотосурет: Gov

Қазақстанның 3-ші Халықаралық тау-кен конгресі Астанада өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін елордада Қазақстанның 3-ші Халықаралық тау-кен конгресі өтіп жатыр. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің тау-кен өнеркәсібі саласындағы жетекші компанияларының 200-ден астам өкілдері қатысуда. Қатысушылар сала дамуының стратегиялық бағыттарын, инвестициялық мүмкіндіктерді және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылайды.

Іс-шара мемлекеттік органдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық арасында ынтымастық келісімдер орнатудың алаңына айналды. Кәсіпорындарды жаңғырту, энергия тиімділігін арттыру және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Конгресс аясында ҚР Өнеркәсіп  және құрылыс министрлігіне қарасты Геология комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Байбатыров баяндама жасады.

«Қазақстанның геология саласы даму мен инвестиция тарту бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр. 2018 жылдан бері барлау жұмыстарына 2 906 лицензия және өндіруге 111 лицензия берілді. Алайда біз бірқатар мәселелерге тап болып отырмыз: олардың бірі – ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі және бағдарламалардың орындалу деңгейінің төмендігі. Цифрландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және зерттеу жұмыстарын кеңейтуге басымдық беру маңызды» Марғұлан Байбатыров

Одан бөлек, Геология комитеті төрағасының орынбасары 2026 жылға қарай геологиялық барлау зерттеулерінің ауқымын 680 мың шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланғанын атап өтті.

Конгресстің екінші күнінде тақырыптық сессиялар, пікірталас панельдері, B2B-кездесулер мен инновациялық шешімдерге арналған арнайы көрме өткізілуі жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -