Ірі энергетикалық жоба аясында қаржы жымқыру схемасы әшкереленді

1375
Фотосурет: depositphotos

Астанада жел электр станциясын салу барысында 8,5 млрд теңге жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды.

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.

2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға 23,2 млрд теңгеге шарт жасасқан.

Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.

Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.

Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.

Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -