Қуыршақ өнерінің мерекесі: Алматыда халықаралық фестиваль басталды

3729
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 21-25 мамыр аралығында Алматы қаласында «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Фестиваль барысында Алматылық көрермендерге отандық және Грузия, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінің қуыршақ театрларының балалар мен ересектер аудиториясына арналған үздік қойылымдары ұсынылады. Сондай-ақ, іс-шара аясында шеберлік сыныптары, жетекші актерлер мен режиссерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Өнер додасы дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыруға, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігін арттыру, отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал етеді.

Фестиваль аясында келесі іс-шаралар өтеді:

- 21 мамыр, 14:30 – Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы;
- 21 мамыр, 15:30 – Салтанатты ашылу салтанаты;
- 21–25 мамыр – Конкурстық және конкурстан тыс қойылымдардың көрсетілімдері;
- 25 мамыр, 16:00 – Салтанатты жабылу рәсімі. 

Конкурстық қойылымдар Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Тотальный театрының сахналарында өтеді. Конкурстық қойылымдарды Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркияның жетекші театр қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -