Ғылым және жоғары білім министрі студенттік Универсиада қатысушыларын қолдады

4015
Фотосурет: Gov

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ХIII жазғы Универсиада ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жарысқа арнайы келіп, студент жастарға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар үш күнге созылған тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша өткен жарыстардың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.

Ептілік пен төзімділікті қажет ететін тоғызқұмалақ сайысына 32 жоғары оқу орнынан келген спортшылар қатысып, өзара үздікті анықтаса, үстел теннисінен 26 ЖОО-ның командалары тартысты бәсекеге түсті. Командалық және жекелей есепте шеберлігі мен дайындығы үйлескен спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

Айта кетейік, Универсиада аясында еліміздің барлық өңірлерінен 76 жоғары оқу орнының студенттері қатысып жатқан 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрінен жарыстар өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -